Шведтік ғалымдар Мексика үңгірінің тереңіндегі көру қабілетін жоғалтқан және осы түрге жататын, көру мүшесі жақсы дамыған судың бетіндегі балықтарға зерттеу жүргізу арқылы соқырлық жануарлардың қуатын 5-тен 15 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік беретінін анықтады.
Олар мексикалық тетр (Astyanax mexicanus) популяциясына зерттеу жүргізген. Зоологтар тетрлардың көруін басқаратын ми бөліктеріне, көздің жұмыс істеуімен байланысты оттегі шығынының мөлшеріне баса назар аударған. Нәтижесінде, көрудің жоғалуы балықтардың энергетикалық шығындарын 10-15 пайызға сақтап қалатындығы анықталған.
Ғалымдар зерттеудің бұл түрі арқылы көру органының қабылдаудың энергосыйымды тәсілі екеніне көз жеткізді.
Жаратылыс бойынша, мексикалық тетрлардың көзі олар жетіле келе терісімен жанасып кетеді. Кейін мүлдем жоғалады. 2014 жылы ғалымдар сондай-ақ, тетрлардың энергия сақтау үшін «биологиялық сағат» қабілетін тоқтатқанын анықтады.
Қосымша:
Мексика - Кристаллдар үңгірі
2000 жылы Чиуауа атты мексикандық шөлдің 300 метр тереңдігінде әлемдегі ең үлкен кристаллдардың үңгірі табылды. Бұл үңгір Naica атты шахта кешенінің құрамына енеді және 1385 метр биіктікте орналасқан.
Биологиялық сағат - жануарлар мен адамның уақыт өлшемін бағдарлау қасиеті. Ол жасушалардағы физикалық-химиялық және физиологиялық процестердің белгілі бір уақытта қайталанып отыруына (биологиялық ырғақ) негізделген.