«Сенбілік кездесуде» - Ермахан Ибраимов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сенбілік кездесуде» - Ермахан Ибраимов

19.09.2015
«Сенбілік кездесуде» - Ермахан Ибраимов

Ермахан Ибраимов, дегенде елең етпейтін қазақ жоқ.  Кезінде шаршы алаңда жасындай жарқылдап, Сиднейде Алаштың мерейін асқақтатқан батыр.

Бала күнінен Серік Қонақбаев, Жақсылық Үшкемпіровтерге еліктеп өскен ол: «1980 жылы Мәскеу Олимпиадасы өтті. Осы байрақты бәсекеде даңқты боксшы Серік Қонақбаев ағамыз күміс жүлдегер атанды.

Бала болсақ та теледидардың алдына отырып алып, ағамыздың боксын тамашалаймыз. Жақсылық Үшкемпіров чемпион атанды. Сол уақыттағы балалар біледі, осы ағаларымыз өздерінің жеңістерімен қазақтың көптеген қара домалақтарының жүректеріне арман отын маздатып кетті»,-деп еске алады.

Чемпионның спортқа деген алғашқы қадамы қалай басталды? Жолындағы кездескен кедергілерге қалай қарсы тұрды? Чемпионның бір кездері ауылға барып, қой баққанын білесіз бе? Бүгін 21:00-де «Сенбілік кездесу» хабарынан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу