Шараны ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті мен «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясы бірлесіп ұйымдастырады.
Жиынның мақсаты - алғашқы отандық жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесінің таныстырылымын жасау, Қазақстанның жерді қашықтықтан зондтау, геоақпараттық жүйелер, геодезия, картография, жерсеріктік навигация саласындағы технологиялық шешімдері мен алдыңғы қатарлы жүйелермен таныстыру болып табылады.
Конференция аясында жерді қашықтықтан зондтауды қолдану, нақтылығы жоғары жерсеріктік бағыттау жүйесі, геоақпараттық жүйелерді құру салалалары бойынша, технологиялық шешімдерді жасау әдістері көрсетіледі.
Жерді қашықтықтан зондтаудың түрлері бойынша шеберлік-сабақтары, ғылыми-тәжірибелік семинарлар ұйымдастырылады.
Жиынға әлемдік деңгейдегі жерді қашықтықтан зондтаудың мәліметтерін жеткізушілер мен олардың өңдеушілер сонымен қатар, геоақпараттық жүйелерді қолданушылар мен дайындаушылар қатысады деп күтілуде.
Шараға 400-ден астам қазақстандық және шетелдік мамандар қатысады.