Астанада «Қазақстандағы ғарыш күндері – 2014» семинары өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Қазақстандағы ғарыш күндері – 2014» семинары өтеді

13.11.2014
Астанада «Қазақстандағы ғарыш күндері – 2014» семинары өтеді

13-14 қараша күндері Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Қазақстандағы ғарыш күндері – 2014» атты халықаралық семинар өтеді. Шараны ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ ұйымдастырып отыр.

Семинарға Жерді қашықтықтан зондтау деректерінің, оларды өңдеу құралдарының жетекші әлемдік жеткізушілерінің өкілдері,  геоақпараттық жүйе әзірлеушілері мен пайдаланушылары қатысады. Сондай-ақ, бұл шараға 200-ден астам қазақстандық және шетелдік мамандар қатысады, деп күтілуде.

Шара барысында ЖҚЗ, жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесінің деректерін қолдану, геоақпараттық жүйелер құру саласындағы технологиялық шешімдер, сондай-ақ, қазақстандық KazEOSat – 1, KazEOSat – 2 ЖҚЗ ғарыш аппараттарын ұшыру нәтижелері көрсетіледі.

Хабарламаларға жазылу