Римма Тәжібаева: Шетелдіктер қазақи атауға қызығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Римма Тәжібаева: Шетелдіктер қазақи атауға қызығады

15.09.2015
Римма Тәжібаева: Шетелдіктер қазақи атауға қызығады

2015 жылдың басында Елбасының бастамасымен Республика бойынша «Қазақстанда жасалған» акциясы жарияланды. Бүгінгі таңда акцияны қолдау мақсатында «Халық маркасы» жалпы ұлттық конкурсы ұйымдастырылуда.

Конкурстың марапаттау рәсімі қараша айының 16-да Италияның Милан қаласындағы ЕХРО-2015 көрмесінде, ҚР павильонында жарияланады. Осы орайда «Халық маркасы» жобасының жетекшісі  Римма Тәжібаева «Таңшолпанда» қонақта болып, соңғы жаңалықтарымен бөлісті.

 «Халық маркасы» жобасы үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең 15 шілдеден бастап жарияланды. Еліміздің барлық өңірінен тауар өндірушілер шақырылды. Бұл кезең 9 қыркүйек күні аяқталды. Бір қуанарлығы – өзіміз 50-60-тай бренд жинаймыз деп күткен едік. Алайда,  жобаға қатысуға 100-ден астам кәсіпорын өтініш берді.

Бұл – алғашқы «Халық маркасына» керемет нәтиже. Демек, отандық маркалардың ертеңгі бренд боламыз, деген ниеті бар. Қазір дауыс беру басталып кетті. Енді 8 қазанда кімнің озық шығатынын анықтаймыз. Ал, үшінші кезең Миланда аяқталады. 21 аталымды ұтып алғандар Миландағы EXPO-2015 көрмесіне барады»,-дейді Римма Тәжібаева.

«Бізге келіп түсіп жатқан брендтердің  барлығы өнімдерінің сапасына сенімді. Компаниялар экологиялық таза өнімдерін ұсынып отыр. Сондықтан, сапа жағынан еш мәселе жоқ. 100 брендтің барлығы кемінде 3-4 аймақта өздерін дәлелдеген компаниялар. Сондай-ақ, олардың дені экспортқа да шығып үлгерген. Олардан «Шетелде қазақстандық тауарды қалай танытып жүрсіздер? Шетелдіктер көбіне неге қызығады», деп сұрағанымызда, олар «қазақи атауға», деп жауап берді».

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу