«Серпіліс» эфирге шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Серпіліс» эфирге шығады

14.09.2015
«Серпіліс» эфирге шығады

18 қыркүйектен бастап әр жұма сайын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының көрермендері қоғам қайраткері Мұрат Әбеновтың «Серпіліс» атты ток-шоуын тамашалайтын болды.

Мұнда мемлекет және қоғам қайраткерлері аптаның маңызды оқиғаларын, өзекті мәселелерін, қызықты тақырыптарын талқыға салады.

Хабардың алғашқы шығарылымы білім тақырыбы аясында өрбімек. Бүгінгі ұрпақ заман талабына сай білім алып жатыр ма? Жастардың жаңашылдыққа деген қызығушылығы қандай?

Осы жұмада сағат 21:05-те Ұлттық арнадан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу