Ер азаматтардың арасында шыққан жанжал 4 адамның өліміне себепші болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ер азаматтардың арасында шыққан жанжал 4 адамның өліміне себепші болды

14.09.2015
Ер азаматтардың арасында шыққан жанжал 4 адамның өліміне себепші болды

Lenta.ru агенттігінің хабарлауынша, аталмыш жағдай Батон-Ружа қаласының маңында 13-қыркүйектің түнінде орын алған. 

Алдын ала тергеу жұмыстарынан мәлім болғанындай, үш ағайында азамат өздерінің көршілерінің үйіне теледидар тамашалап, музыка тыңдау үшін келген. Отырыс барысында ер азаматтардың арасында қайсысы таңдаған музыка мықты деген мәселе төңірегінде жанжал туындап, оның арты төбелеске ұласқан.

Куәгерлердің айтуларынша, үйлердің бірінен айғай-шу шыққан, содан шамамен 10 минуттан соң атыс қаруының даусы естіледі. Ағайындылардың туысы олардың көршілерімен өте тату болғандығын және апта сайын демалыс күндері соның үйіне барып жүретіндігін айтқан.    
 
Полицияның мәліметтерінше, алдын ала болжамдар бойынша, қарудан оқ атқан азамат 60 жасар Родни Чемин болған. Ол 57 жасар Джозеф Алленді, 55 жасар Перри Алленді және 51 жасар Марк Алленді жер жастандырды.

Хабарламаларға жазылу