Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары талапқа сай болуы үшін «ҚазАгро» ұлттық холдингі 68,0 млрд. теңге бөлді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары талапқа сай болуы үшін «ҚазАгро» ұлттық холдингі 68,0 млрд. теңге бөлді

14.09.2015
Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары талапқа сай болуы үшін «ҚазАгро» ұлттық холдингі 68,0 млрд. теңге бөлді

Бұл нарықтық бағадан 18 пайызға кем болып отыр. Салыстыру үшін былтырғы жылы жанар-жаған май құны литріне 108 теңгемен бөлінді.

11 қыркүйегіне276,5 мың тонна арзандатылған дизель отыны жеткізілді.

Ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы 98-99 пайыз деңгейінде. Ағымдағы жылы егін жинау науқанына 14 мыңнан астам жоғары өнімді астық жинау комбайндары шықпақ.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметтері  бойынша, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша астық жинайтын комбайндардың 99 пайызы, орақтардың және астық кептіргіштердің 99 пайызы, механикаландырылған қырмандардың 98 пайызы  дайындалды, бұл өткен жылдың деңгейінен жоғары.

Сондай-ақ астық қабылдауға қауқарлы сыйымдылық 26,3 млн. тоннаны құрап отыр. Бұл да былтырғы жылдың деңгейінен 1,1 млн. тоннаға артық. Көрсетілген сыйымдылық жаңа өнімнің астығын және өткен жылдардағы қалдықтарды сақтауға жеткілікті.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу