Астық жинау науқаны жақындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астық жинау науқаны жақындады

21.08.2014
Астық жинау науқаны жақындады

Биыл астықтың өнімі бункерлік салмақта 17 миллион тонна болады деп күтілуде. «ҚазАгро» Ұлттық холдингі 2014 жылғы көктемгі егіс пен астық жинау науқанына барлық қаржыландыру көздерінен 89,3 миллиард теңге жұмсаған. Қазіргі таңда егін ору науқаны еліміздің сегіз аймағында жүргізіліп жатыр. Соның ішінде Ақмола облысы астық жинауға әзір. 

Астрахань ауданында орналасқан бірқатар ауылшаруашылық ұжымы биылғы егін ору науқанына дайындалуда. Бір ғана «Федоренко» кәсіпорынында егістік аумағы 11000 гектар. Сондай-ақ, 8000 тонна сақтайтын үш қойма, 16 комбайн бар.

Ал, «Бетеге» кәсіпорыны астықты қабылдауға толық дайын. Шаруашылықта 55 тонна бидай сиятын қойма бар. «Фермер-2020» да астықпен айналысады. Бүгінде кәсіпорындағы 180 жұмысшы науқанға комбайндарын әзірлеуде.

Саламат ОМАШ

Хабарламаларға жазылу