Бүгін елордадағы «Қазақстан» орталық концерт залында «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының жеңімпазы анықталды.
Бас жүлде маңғыстаулық Құлсариевтер отбасына бұйырды. Бұл отбасы интернет дауыс беру барысында 25 мың 751 дауыс жинаған.
Құлсаривтер отбасын ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова құттықтап, оларға Қазақстанда шығарылған «IVECO» шағын автобусының кілтін табыс етті.
Сондай-ақ, шара барысында Г.Әбдіқалықова бас жүлдеге үміткер барлық 16 отбасына ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның байқау дипломымен қатар, LG компаниясының теледидарын тарту етті.
Айта кетсек, байқау үш кезең бойынша ұйымдастырылды: бірінші кезең - аудандық (қалалық), екінші кезең - облыстық, үшінші кезең - республикалық. Оған жалпы, еліміз бойынша 2285 жанұя қатысты.