«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпазы 12 қыркүйекте анықталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпазы 12 қыркүйекте анықталады

11.09.2015
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпазы 12 қыркүйекте анықталады

Ертең, 12 қыркүйекте 2015 жылғы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпазы анықталады. Биылғы жылы конкурсқа  2285 жанұя қатысты. Оның 1700-ден астамы - ауыл тұрғындары.

Қатысушылардың саны өткен жылмен салыстырғанда шамамен екі есеге артқан.

Байқау комиссиясы олардың арасынан еліміздің әр өңірінен үздік деп танылған 16 отбасыны іріктеп алды. Жеңімпаз SMS-хабарлама немесе интернет дауыс беру арқылы анықталады.

Дәстүр бойынша шараға отбасы мүшелері еңбекте, спортта, шығармашылықта, ғылымда жетістікке жеткен жанұялар қатыса алады. Шара адамгершілік құндылықтарды қайта жаңғыртуға, отбасы мәртебесін көтеруге бағытталған.

Байқау үш кезең бойынша ұйымдастырылады: бірінші кезең - аудандық (қалалық), екінші кезең - облыстық, үшінші кезең - республикалық.

Мақсат - қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.

Хабарламаларға жазылу