Нұр-Сұлтанда күрестен Әлем чемпионатының медальдары таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда күрестен Әлем чемпионатының медальдары таныстырылды

06.09.2019
Нұр-Сұлтанда күрестен Әлем чемпионатының медальдары таныстырылды

Нұр-Сұлтанда грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Әлем чемпионатының ұйымдастырушылары жүлдегерлерге табысталатын медальдың дизайнын таныстырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Чемпионаттың ұйымдастырушылары дөңгелек пішіндес қалыпты дизайннан бас тартып, медальдың үшбұрышты түрін таңдаған. Бұл форма күрестің үш түрінен Біріккен күрес әлемі (United World Wrestling) аясында өтетін Әлем чемпионатының бірлігі мен тұрақтылығын суреттейді. 

Айта кетейік, 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында елордада грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Әлем чемпионаты өтеді. Дүбірлі додада Токио Олимпиадасына іріктеу басталады. «Барыс Аренада» өтетін жарыста Олимпиада лицензиясы үшін әлемнің 100 елінен 1002 балуан таласқа түседі.


Хабарламаларға жазылу