АҚШ-та басталған күрес түрлерінен Әлем чемпионатының алғашқы күнінде грек-рим күресінен 75 келідегі Досжан Қартықов қола медаль иеленіп, 2016 жылы өтетін Рио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.
Қазақстандық палуан АҚШ-тың Лас-Вегас қаласынан «Таңшолпан» бағдарламасына «Skype» арқылы байланысқа шығып, әсерімен бөлісті.
«Әлем чемпионатында оңай қарсылас болмайды. Бүгінгі қарсыластарым Әлем чемпиондары, Еуропа чемпионы болды. Мен үшін мықты қарсылас корей палуаны болды», - дейді ол.
Сондай-ақ, Досжан алдағы уақытта жарақаттарын емдеп, Рио Олимпиадасына дайындықты бастайтынын айтты.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.