ЕУРО-2016. Исландия құрамасы-Қазақстан Ұлттық құрамасы (Блиц-шолу) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕУРО-2016. Исландия құрамасы-Қазақстан Ұлттық құрамасы (Блиц-шолу)

07.09.2015
ЕУРО-2016. Исландия құрамасы-Қазақстан Ұлттық құрамасы (Блиц-шолу)

Қазақстан мен Исландия құрамасы осыған дейін 1 рет кездескен. Еуро-2016 іріктеу аясындағы 5-турда «Астана Аренада» өткен ойында Қазақстан Ұлттық құрамасы 3:0 есебімен ұтылған.

Бүгінгі ойынға Қазақстан Ұлттық құрамасының қорғаушысы Дмитрий Шомко қатыспайды. Ол Чехияға қарсы өткен ойында үшінші сары қағазын алып, 1 ойыннан шеттетілді. Оның орнын Гафуржан Сүйімбаевпен алмастырды.

Қазақстандық футболшылар бүгін сары жейдемен, Исландия құрамасы дәстүрлі көк жейдемен алаңға шықпақ.
Қазақстан Ұлттық құрамасы ФИФА рейтингінде 145 орында болса, Исландия құрамасы 23 сатыда.
Турнир кестесінде Исландия құрамасы 18 ұпаймен алда келеді. Ал, Қазақстан құрамасы 1 ұпаймен көш соңында.

Юрий Красножан, Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері:

«Бұл ойынға командалар әртүрлі көңіл-күймен келді. Исландия құрамасы Нидерланд футболшыларынан басым түссе, біздің ойыншылар Чеxия құрамасына есе жіберді. Іріктеу тобындағы көшбасшы командамен кездесеміз. Бұл ойын наурыз айында өткен матчтан бастап, біздің қаншалықты дамығанымызды көрсетеді. Іріктеу кезеңінде жеңіске жетпедік. Сондықтан, бүгінгі ойында жеңіске жетуге деген үміт басым».

Хеймир Халгримссон, Исландия құрамасының жаттықтырушысы:

«Қазақстан құрамасы соңғы матчтан кейін өзгерді. Мықты команда. Чехиямен өткен ойында қазақстандық футболшылар жақсы футбол көрсетті. Қазақстан - Исландия матчы да мені таңғалдырды. Қазақстан дамудың дұрыс жолымен келеді».

Қазақстан Ұлттық құрамасының соңғы 5 ойыны

04.09. 00:45 Чехия – Казақстан 2 : 1    
12.06. 22:    00     Қазақстан- Түркия 0 : 1    
12.05. 18:00 Қазақстан –  Буркина-Фасо 0 :0    
31.03. 23:00 Ресей – Қазақстан 0 : 0    
28.03. 21:00 Қазақстан – Исландия 0:3

Исландия құрамасының соңғы 5 ойыны

4.09. 00:45 Нидерланд – Исландия 0 : 1    
13.06. 00:45 Исландия – Чехия 2 : 1    
31.03. 22:00 Эстония – Исландия 1 : 1    
28.03. 21:00 Қазақстан - Исландия0 :3    
20.01. 03:00 Канада – Исландия 1:1

Ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы бүгін Астана уақытымен сағат 00:30-да тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу