«Азаңмен Наузи-ле-Сек пен Бобиньи елді мекендерінен 8 мың адам көшіріліп, бомба табылған аймақта көлік қозғалысы шектелді»,-делінген Figaro басылымының жексенбі күні таратқан мәліметтерінде.
Билік өкілдері жексенбі күні бомбаны сол жерде залалсыздандырмақ болған және осы жұмыстар үшін арнайы шаралар атқарылған.
Францияда табылған бомбалар қандай да бір себептермен жарылмай қалған және олар 1944 жылғы британиялық шабуылдардан соң жерде 70 жыл жатқан.
Ол кезде 18-19 сәуірде Нуази-ле-Сек аймағына 3 мыңға жуық бомба тасталып, олар қаланың үлкен бөлігінің күлін көкке ұшырған, деп жазады басылым.