Ата-аналары темекі шегетін балалар есейгенде түрлі ауруларға бейімделгіш келеді -ғалымдар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ата-аналары темекі шегетін балалар есейгенде түрлі ауруларға бейімделгіш келеді -ғалымдар

05.09.2015
Ата-аналары темекі шегетін балалар есейгенде түрлі ауруларға бейімделгіш келеді -ғалымдар

Шетелдік ғалымдардың аталмыш мәселе бойынша зерттеулері Тhe American Heart Association journal басылымында жарияланған.

Стеноз немесе ұйқы артериясының жұқаруы, адамда атеросклероздың қозуы, қан-тамырлардың аурулары, жүректі ишемиялық ауруына себеп болатын жағдайлар. Ғалымдар 1980-1983 жылдары бала болған және темекінің бала денсаулығына ықпалын анықтайтын зерттеу жұмыстарына қатысқан адамдардың денсаулық жағдайына талдау жүргізген. Олардың отбасыларында әке-шешелері немесе олардың біреуі темекі шегетін болған.    

Нәтижесінде ата-аналары темекі шегетін балалардың есейгенде  өзгелерге қарағанда, жүрек қан-тамырлары ауруына бейімделгіш келетіндігі белгілі болды.

Осы зерттеулермен айналысқан ғалымдар ата-аналарды темекі шегудің тек өздерінің денсаулықтарына ғана емес, балаларының да денсаулықтары зиянын тигізетінін естіп,  ойланады деген үмітте.  

 

 

Хабарламаларға жазылу