Қазақстанда Дүниежүзілік темекімен күрес күніне арналған айлық басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда Дүниежүзілік темекімен күрес күніне арналған айлық басталды

01.05.2016
 Қазақстанда Дүниежүзілік темекімен күрес күніне арналған айлық басталды

Шараның мақсаты - денсаулыққа шылымқорлықтың зиянды әсері туралы халықты ақпараттандыруды арттыру; қазақстандықтарды темекі шегуді төмендетуге, салауатты өмір салтын ұстануға, азаматтардың өз денсаулығына және заңдарды орындауға жауапкершілігін арттыруға бағытталған әрекеттерге жұмылдыру.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (әрі қарай - ДДСҰ) мәліметтері бойынша, әр 6 секунд сайын темекі бір адамның өмірін жалмап, жыл сайын темекі шегу 5,4 млн. адамның өлімінің себебі болады.

2015 жылы ҚР ДСӘДМ Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығымен өткізілген 6-шы Ұлттық зерттеудің статистикалық мәліметтеріне сәйкес, тұрғындардың 18,3%-ы темекі өнімдерін қолданады.

Ұлттық зерттеудің статистикалық мәліметтерімен салыстырғанда, темекіні тұтынудың таралуы төмендеуде. Сонымен қатар, жыл сайын қала халқының шегілмейтін темекі өнімдерін тұтынушылардың саны 1,6%-ға, ал ауылды жерлерде 1%-ға артқан.

Осы мақсатта ҚР ДСӘДМ СӨС Ұлттық орталығы Дүниежүзілік темекімен күрес күнінің аясында бірқатар шараларды өткізу мен ұйымдастыру бойынша ұсынымдар әзірледі.

Аталған шаралар денсаулық мектептері және темекіге қарсы күрес орталықтары, өзін өзі диагностикалау, бағалау, түзету, бақылау әдісінің кабинеттері қатысушыларын оқытуды; халыққа, әсіресе, алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде және темекіден бас тартқысы келетін адамдарға психологиялық-әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында жұмыс орындарында профилактикалық көмек көрсетуге бағытталған психологтар, әлеуметтік және медициналық қызметкерлер үшін семинар-тренингтер ұйымдастыруды қарастырады.

Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында медициналық мамандардың қатысуымен темекі мен темекі түтінінің ағзаға зияны туралы, оның салдарын түсіндіру мақсатында сынып сағаттарын өткізу; «Кальянның зияны», «Темекінің қаупі», «Түтінсіз темекінің зияны» тақырыптарына психологтар мен учаскелік дәрігерлерді шақыру арқылы ата-аналар жиналысын, оларға кеңес беру шараларын (оның ішінде мінез-құлық қатерлері бар балалардың ата-аналары болған жағдайда) өткізу; жастар денсаулығы орталықтарында «Темекі шегудің зияны», «Балаларға - салауатты болашақ» тақырыптарында тренингтер мен ашық есік күндерін өткізу; «Денсаулық жарнамасы» флеш-мобын өткізу; тең-теңімен қағидасы бойынша студенттер арасынан еріктілерді оқыту және т.б. бойынша ұсынымдар жасалды.

Дүниежүзілік темекімен күрес күні аясында өткізілетін шаралар темекіге тәуелділіктің таралуын төмендетуге, халықты темекіге қарсы күреске жұмылдыру, темеі шегудің алдын алу мен темекінінң ағзаға тигізер зияны туралы қоғамды хабардар етуге бағытталған.

Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын 31 мамырда ДДСҰ мен оның серіктестері барлық елдерде темекі шегудің ағзаға тигізер зиянының қаупіне назар аудара отырып, темекі шегуді төмендету бойынша тиімді саясатты жүргізуге бағытталған Дүниежүзілік темекімен күрес күнін атап өтеді.

 

ҚазАқапарт

 

 

Хабарламаларға жазылу