Адамдарға өздерін қоғамдық орындарда, суретке түсіріп, оның көпшіліктің назарына ұсыну ұнайды. Ал, ғалымдар болса, «селфимен» шектен тыс әуестенуді жүйкенің жұқаруымен байланыстырып отыр.
АҚШ-тың психиатриялық қауымдастығының өкілдері «селфи» атты жаңа науқас түрін тапты. Медицина мамандарының пікірінше, бұл науқастың белгілері өзін үнемі суретке түсіріп, оны интернетке қоюға деген ынтызарлығынан көрініс табады. Осылайша, ауру адамдар өздеріне жетіспейтін көпшілік назарын суреттің көмегімен өтегілері келеді.
Бұл аурудың 3 деңгейі бар. Біріншісі эпизотиялық, ол бойынша адам күніне өзін 3-ретке дейін суретке түсіреді, бірақ интернетке орналастырмайды. Екінші өткір деңгейдегілер, олар күніне өздерін 3 реттен артық суретке түсіреді және олардың барлығы міндетті түрде Twitter, Facebook, Instagram сияқты желілерде орналастырылады. Ең ауыры үшінші деңгей, бұл адамның ұстамалы ауруға шалдыққанын білдіреді. Яғни мұндай топтағы азаматтар өзі күніне 7-8 реттен артық ерекше ынтызарлықпен суретке түсіреді және суреттердің барлығын әлеуметтік желідегі парақшасына қояды.
Соңғы уақытта бүкіл әлем бойынша, адамдардың гаджеттерге тәуелділіктері артып келеді. Мысалы, американдықтар смартфондарын душқа түсіп, ванна қабылдағанда да алып кіретін көрінеді, деп жазады magmens.com.