Елордада Астана экономикалық форумы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Астана экономикалық форумы басталды

15.06.2017

Әлемнің 100-ге жуық елінен келген 4 мыңдай делегат 2 күн бойы жаһандағы экономикалық ахуалды талқылайды. Олардың арасында үкімет жетекшілері, Нобель сыйлығының лауреаттары, дүниежүзіне танымал ғалымдар бар. Шара аясында түрлі сессия, бизнес-форум, алқалы жиындар өткізу жоспарланып отыр. Форумға келген сарапшылар Астананың жылда мұндай маңызды шараны өткізуі еліміздің аймақтағы жоғары беделінің айқын көрінісі екенін айтты. Басқосудың алғашқы күнінде жасыл экономика мен инвестиция, әлемнің экономикалық даму жолдары сияқты өзекті мәселелер қарастырылып жатыр.

Хабарламаларға жазылу