Бүгін Айдын Айымбетов ғарышқа ұшады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Айдын Айымбетов ғарышқа ұшады

02.09.2015
Бүгін Айдын Айымбетов ғарышқа ұшады

Бүгін Астана уақытымен 10:37-де «Байқоңыр» ғарыш айлағынан үшінші қазақ баласы Айдын Айымбетов ғарышқа ұшады. Кеше «Байқоңырда» «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесінің құрастырылуы сәтті өтті. Кеме ұшатын алаңға  жеткізілді. Дәл қазір соңғы дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Айдын Айымбетов бұл сәтті 12 жыл күтті. Бұған дейін «Союз» кемесі  халықаралық ғарыш станциясына 6 сағатта жететіні айтылған еді. Кейін орбитадағы өзгертулерге сәйкес ғарышқа жету уақыты екі тәулікке дейін ұзартылды. Айдын Айымбетов халықаралық ғарыш станциясында 10 күні бойы зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

«Ол кезде менің командирім Александр Волков болған еді. Ал, Айдынның командирі сол командирімнің баласы  - Сергей Волков. Сондай-ақ, мен 2 қазан күні ұшсам, ол 2 қыркүйекте ұшқалы жатыр»,-дейді тұңғыш  қазақ ғарышкері  Тоқтар Әубәкіров.

«Байқоңыр» ғарыш айлағы пайдалануға берілген уақыттан бері 1300-ге жуық зымыран ұшырылған екен. 1957 жылдан 1999 жылға дейін 1115 ғарыш кемесі, 3300-дей ғарышкер көкке осы жерден көтерілген.

1991 жыл. 2 қазан. Дәл осы күн Қазақстан тарихына алтын әріптермен жазылды. Кеңес одағының батыры Тоқтар Әубәкіров «Союз Т-13» кемесімен «Байқоңырдан» ғарышқа көтерілді.

Осылайша, араға 30 жыл салып, Гагариннен кейін қазақ баласы ғарышқа сапаршекті. Бұл сапарды Елбасымыздан бастап, бірнеше мемлекет басшылары арнайы келіп тамашалады.

Ал, тағы бір қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев 1994 және 1998 жылдары екі рет көк жүзіне көтерілді.

 Толығырақ  «Таңшолпаннан» көре аласыздар.  

Хабарламаларға жазылу