Бүгін Халық қаһарманы Айдын Айымбетов «Түнгі студия» қонағы болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Халық қаһарманы Айдын Айымбетов «Түнгі студия» қонағы болады

12.04.2016
Бүгін  Халық қаһарманы Айдын Айымбетов «Түнгі студия» қонағы болады

12 сəуір - Халықаралық авиация жəне космонавтика күніне орай - сағат 22-55-те «Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы «Түнгі студияның» құрметті қонағы - ұшқыш-космонавт, Халық қаһарманы Айдын Айымбетов.

Өткізіп алмаңыздар!

12 сәуір - адамзат баласының алғаш рет ғарышқа көтерілгеніне 55, ал, алғаш қазақ баласының ашық космосқа шыққанына биыл 25 жыл толады. 

Осыған орай, бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаевпен» ток-шоуында Халық қаһарманы Айдын Айымбетов ғарыш тақырыбында  əңгіме қозғайтын болады.

«Ғарышқа ұшар алдында командир дәстүрге сай Юрий Гагариннің «Поехали» деген сөзін айтқан соң, ешкім үндемеу керек. Ал, мен эмоциямды жасыра алмай, «Алға, Қазақстан» деп айқайлап жібердім», дейді Айдын Айымбетов. Сонымен қатар, Айдын Айымбетов бағдарламада ғарышқа жасаған сапары жайлы, ондағы қызықты оқиғаларын толық айтып береді.

Бағдарлама барысында Айдын Айымбетовке шапан жауып, құрмет көрсетілді. Сондай-ақ, Айымбетовке арнап ән шырқалды.

Бағдарламадағы бұдан басқа да қызықты оқиғаларды бүгін сағат 22-55-те «Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаевпен» ток-шоуынан тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу