Алматы облысында жаңа оқу жылы қарсаңында 15 жаңа мектеп ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында жаңа оқу жылы қарсаңында 15 жаңа мектеп ашылды

01.09.2015
Алматы облысында жаңа оқу жылы қарсаңында 15 жаңа мектеп ашылды

Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласына қарасты Еркін селолық округінде жаңадан ашылған 100 орынды шағын орталығы бар 300 орындық мектептің салтанатты ашылуында мәлім етті.

Өңір басшысы А.Баталов мектептің табалдырығын аттаған оқушылар, олардың ата-аналары мен ұстаздар қауымын Білім күнімен құттықтап, өз сөзінде:

«Елбасы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында облыс аумағында жаңадан 15 мектеп пайдалануға берілді. Оның ішінде 5 мектеп апатты мектептердің орнына салынды. Сөйтіп, бүгінгі таңда облыс бойынша Райымбек ауылында тек бір ғана апатты мектеп қалды. Осы орайда, облыста үшауысымды мектептер мен апатты мектептерді жою бойынша нақты жұмыстар атқарылуда. Бүгін біз 300 орындық тағы бір мектептің есігін ашудамыз. Мұнда келешек ұрпақты тәрбиелеуге және олардың сапалы білім алуына қажетті барлық жағдай жасалған. Барлық құрылыс жұмыстары мен безендіру жұмыстары уақытылы әрі сапалы жүргізілді. Құрметті оқушылар, сендерге жаңа мектепте сапалы білім алып, білімдерің мен біліктіліктеріңді ел игілігіне арнайтын білікті маман иесі болуларыңды тілеймін», - деді А.Баталов.

Облыс әкімі жаңа мектептің мультимедиалық және лингафонды кабинеттерін, акт залын, бастауыш сынып кабинеттерін, физика және астрономия, химия және биология, музыка, технология кабинеттерін, асхана, спорт алаңы мен мектепке дейінгі шағын орталығын аралады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу