28-тамыз күні компания ұшақтары бірінші рейстерін Алматы-Павлодар бағытында жасады, ал, 30-тамыз күні Шымкент- Павлодар-Шымкент бағыты бойынша алғашқы рейс орындалды, деп хабарлайды Forbes.kz.
«Аэропорт Павлодар» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Владимир Юдиннің айтуынша, Павлодар мен Шымкент арасында әуе қатынасы 10 жылдан бері болмаған. Ал, «Qazaq Air» өңірлік компаниясы осы бағытты жаңғыртатын алғашқы компания болып отыр.
Өңірлік тасымалдаушының қызметін алғашқы 5 күннің ішінде 900 жолаушы пайдаланған.
Естеріңізгше сала кетейік, «Qazaq Air» - Қазақстандағы өңірлік бағыттар бойынша қызмет көрсететін компания, оның 100 пайыз акциясы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамына тиесілі.