«Сбербанк» «Даму» қорының 4 миллиард теңгеден астам кепілдігін алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сбербанк» «Даму» қорының 4 миллиард теңгеден астам кепілдігін алды

01.09.2015
«Сбербанк» «Даму» қорының 4 миллиард теңгеден астам кепілдігін алды

Бұл қазақстандық банктер берген «Даму» қоры кепілдіктері көлемінің 17,7 пайызын құрайды. 

Сбербанк өңдеуші кәсіпорын, көлік және қойма жұмысы, тұру және тамақтану бойынша қызметтер, ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы салаларында жұмыс ічтейтін қазақстандық екі жүзден астам кәсіпорын бойынша барлығы 235 кепілдік алды. 

«Елдің экономикасымен қатар өсу және даму – бұл кез келген бизнестің табысты болу қағидаларының бірі. Қазақстандық кәсіпорындарға қолдау көрсету Сбербанк жұмысының басымды бағыттарының тізіміне енгізілген. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы қаржыландыру бизнесмендерге өндіріс қуатын ұлғайтуға және бәсекеге қабілетті болуына үлкен мүмкіндік береді. Қазақстандағы бизнестің дамуына ынталандыру бағдарламаларына бұдан былай да қатысуға біз дайынбыз», - деп атап өтті «Сбербанк» акционерлік қоғамының  ЕБ Басқарма төрағасы Александр Камалов. 

Сбербанк «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына 2010 жылдан бастап қатысуда. Осы уақыт аралығында жалпы сомасы 170,9 млрд.теңгедегі 666 жоба мақұлданды, алынған субсидия көлемі 19 млрд.теңгені құрады.

 

Хабарламаларға жазылу