Атырау облысының әкімі есеп берді (толығырақ)

17.10.2014
Атырау облысының әкімі есеп берді (толығырақ)

Жастарға жұмыс керек. Әйтпесе, жұмыссыз адам тәртіпсіздікке тез бой алдырады. Мәселен, Атырау облысындағы қылмыстың 80 пайызы екі қолына бір күрек таба алмаған азаматтардың еншісінде. Сол себепті енді өңірде ірі өндірістер іске қосылып, жаңа жұмыс орындары ашылмақ.

Атырау облысы еліміздің мұнайлы аймағы. Биыл облыстың бюджеті 200 миллиард теңгені құраған. Мемлекеттен 46,5 миллиард теңге несиеге алды. Бірақ салық ретінде 463 миллиард теңгені мемлекеттік бюджетке құйды.   

Қазір құны 1,6 триллион теңге болатын 44 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның 22-сі жоспарлы қуатына шықты. 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылды, 26 миллиард теңгеден астам өнім өндірілді. 4 миллиард теңгеден астам салық түсті.  

Жыл соңына елді мекендердің 73 пайызы орталықтандырылған сумен қамтылады. Өңір осылайша кемел келешекке ұмтылмақ.

Әсем ИЗАТҚЫЗЫ 

Хабарламаларға жазылу