Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми Дубай халықаралық қаржы орталығының Бас судьясы Майкл Хванмен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми Дубай халықаралық қаржы орталығының Бас судьясы Майкл Хванмен кездесті

28.08.2015
Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми Дубай халықаралық қаржы орталығының Бас судьясы Майкл Хванмен кездесті

Бүгін Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми Дубай халықаралық қаржы орталығының Бас судьясы Майкл Хванмен кездесті.

Іс-шара еліміздің Ата Заңының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Конституциялық Кеңес өткізіп отырған «Конституция: халық бірлігі, тұрақтылық, өркендеу» атты халықаралық-тәжірибелік конференция аясында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Қ. Мәми мәртебелі қонақты Мемлекет басшысының бастамасы бойынша алдағы уақытта жүзеге асырылатын «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты Ұлт жоспары шеңберінде сот жүйесін реформалау жайынан хабардар етті. Атап айтқанда, үш сатылы сот жүйесіне көшу, Жоғарғы Сот жанынан инвестициялық істер бойынша мамандандырылған алқа мен Халықаралық консультативтік кеңес құру, сондай-ақ Астана қаласында AIFC Халықаралық арбитраждық орталығын құру мәселелеріне айрықша көңіл бөлінді.

Іс-шара қорытындысында тараптар Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты мен Дубай халықаралық қаржы орталығы арасындағы ынтымақтастық аясын одан әрі кеңейтетін болып уағдаласты. 


 

Хабарламаларға жазылу