Қайыржан Бердібай: Мақсатым - әскери салада оқып жатқан курсанттардан хор құру - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайыржан Бердібай: Мақсатым - әскери салада оқып жатқан курсанттардан хор құру

27.08.2015
Қайыржан Бердібай: Мақсатым - әскери салада оқып жатқан курсанттардан хор құру

ҚР Қорғаныс министрлігі Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты штаб оркестрі бастығының орынбасары, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қайыржан Бердібай «Таңшолпанда» қонақта.

Алдағы жоспарларымен бөліскен әнші: «Осы саланы таңдап келгеннен кейін ел мүддесі жолында қызмет ету - парыз. Сондықтан, көп еңбектенуге тырысамын. Мақсатым - әскери салада оқып жатқан курсанттардан хор құру.

Ал, дәл қазіргі уақытта Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шараларға дайындық үстіндеміз», - дейді.

Әнші кезінде Ілия Жақановтың өзі ұсынған «Даниярдың әні» туындысының шығу тарихы туралы баяндады. Толығырақ «Таңшолпанан» біле аласыздар.  

Хабарламаларға жазылу