Мемлекет басшысы Франческо Депаскуалені қабылдады
Мемлекет басшысы Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропалық комиссияның президенті Франческо Депаскуалені қабылдады. Олар сот жүйесінің реформасы жөнінде пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде құқықтық және демократиялық қағидаттарға арқа сүйейтін мемлекет құру үдерісі қарқынды жүріп жатқанын айтты. Бұл ретте сот жүйесін реформалау және заң үстемдігін қамтамасыз ету өте маңызды рөл атқарады. Франческо Депаскуале адам құқықтары мен сот төрелігінің тиімділігін қамтамасыз ету мәселесінде ынтымаққа әрдайым дайын екенін жеткізіп, Қазақстанда осы салада жүргізіліп жатқан реформаларды оң бағалады.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Пойыздағы улану оқиғасы: Жансақтау бөліміндегі екі бала бөлімшеге ауыстырылды
12.12.2025, 20:15
Астанадағы дәмханалардың бірінде болған жарылысқа қатысты сараптама жұмыстары басталды
12.12.2025, 20:12
Енді зейнетақы қаржысы пластикалық ота жасауға берілмейді
12.12.2025, 20:09
Президент Грузия Премьер-министрімен кездесті
12.12.2025, 20:08
Президент: Транскаспий халықаралық көлік бағдарының мүмкіндіктері кеңейіп жатыр
12.12.2025, 20:07
Сенат төрағасы бірқатар кездесу өткізді
12.12.2025, 20:03
Сурдоспортшылар мен прокурорлар футзалдан жолдастық кездесу өткізді
12.12.2025, 17:41
Алматыда пластикалық қақпақтарды жинау науқаны басталды
12.12.2025, 17:40