Оның негізгі ғылыми еңбектері су мәселелерін шешуге және егістік жерлерді суландыруға арналған. Профессордың еңбектері еліміздің гидрологиялық болжам карталарын жасауға мүмкіндік берді.
Ғалымның 100 жылдығына орай Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде мұражай ашылды. Мұражайда оның көзі тірісінде тұтынған дүниелері, ордендері мен медальдары, ғылыми еңбектері мен ғұмырынан сыр шертер фотосуреттер қойылған.
Сондай-ақ, оқу орындағы гидротехнка және мелиорация кафедрасына Тәжібаевтың аты берілген.
«Біздің білімді, тәрбиелі, табанды болып ержетуімізге әкеміздің ықпалы зор. Біз әкемізбен мақтанамыз. Оның ерен еңбегі ұрпаққа үлгі болса, бізге одан асқан бақыт жоқ», дейді ғалымның қызы Тамара.
Толығырақ «Таңшолпанда».