Британияда заңсыз жұмыс істеп жүргендерді қамауға алу ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Британияда заңсыз жұмыс істеп жүргендерді қамауға алу ұсынылды

25.08.2015
Британияда заңсыз жұмыс істеп жүргендерді қамауға алу ұсынылды

Британия Үкіметі елде тиісті  құжаттарсыз жұмыс істеп жүргендерді 6 айға түрмеге отырғызуды ұсынды.   


Алдағы күзде Британия парламентіне ұсынылатын көші-қон туралы заңының жобасында заңсыз мигранттарды пайдаланып, тағамдарды жеткізіп берушілер, ресторандар мен дүкендердің иелері, алкогольдік ішімдіктерді тасымалдаушылармен күрес мәселесі қарастырылған.   
 
Егер жұмысшыларында тиісті құжаттар болмай шығатын болса, мұндай нысандардың иелерінің лицензиялар тартып алынады. 

Оған балама ретінде айыппұл салу мен жалақысын тәркілеу мәселесі қарастырылған және бұл айыппұлдың көлемі шексіз, деп жазады korrespondent.net

Көші-қон жөніндегі министрдің орынбасары Джеймс Брокенширдің айтуынша, билік осындай әрекеттермен айналысушыларымен күресті жалғастыра береді. 

Заң жобасының авторлары мұндай талаптарды жүргізушілер мен такси операторларына да қоймақ.

 

Хабарламаларға жазылу