Астанада локомотив құрастыру зауытынан шығарылған тепловоздарға сервистік қызмет көрсету орны ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада локомотив құрастыру зауытынан шығарылған тепловоздарға сервистік қызмет көрсету орны ашылды

25.08.2015
Астанада локомотив құрастыру зауытынан шығарылған тепловоздарға сервистік қызмет көрсету орны ашылды

Мұндай орталықтар Аягөз, Сексеуіл, Мақат, Алматы станцияларында бұрыннан қызмет етіп келеді.

Астанадағы жаңа кәсіпорында солтүстік өңірдің Астана депосы Қарағанды, Есіл, Бурабай шипажайы локомотив деполарының тепловоздарына техникалық қызметтер көрсетеді, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

«Жаңа сервистік орталықтың ашылуы арқылы локомотивтерді арнайы орталықтарға апармастан, оның техникалық ақауларын Астанада тез ретке келтіреміз. Сонымен бірге Аягөз, Сексеуіл секілді мыңдаған шақырымдарға жұмсамай, шығынын азайтамыз. Елордадағы орталықтың негізгі қызметі фильтрді, дизель отынын ауыстыру, жабдықтарды тексеру сияқты қызметтерді көрсетеді. Сонымен қатар, мұнда жұп доңғалақтарды жонып, ұсақ ақауларды қалпына келтіру жұмыстары жасалады»,- дейді «Локомотив» АҚ жөндеу басқармасының бастығы Елдос Тоқбергенов.

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу