Астанада өтіп жатқан дзюдодан Әлем чемпионатын теледидар арқылы 150 мемлекеттің өкілдері тамашалауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада өтіп жатқан дзюдодан Әлем чемпионатын теледидар арқылы 150 мемлекеттің өкілдері тамашалауда

25.08.2015
Астанада өтіп жатқан дзюдодан Әлем чемпионатын теледидар арқылы 150 мемлекеттің өкілдері тамашалауда

24-30 тамыз аралығында Астана қаласында «Алау» мұз сарайында осы жылдың Қазақстандағы басты спорт оқиғасы – дзюдо бойынша Әлем чемпионаты өтуде.

«Қазақстан» РТРК» АҚ әлем біріншілігін толық көлемде көрсетеді. Тікелей эфирде таңертеңгілік алдын ала кезеңдер және кешкілік финалдық күрестер де көрсетіледі. Трансляциялар «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналарында көрсетіледі. Таңертеңгі кездесулер сағат 11.00-де, кешкі кездесулер сағат 17.00-де басталады. «Қазақстан» телеарнасында Чемпионат 24-25 тамызда сағат 16.50-де, 29-30 тамызда сағат 16.30-да, ал «KAZsport» телеарнасында толық көлемде көрсетіледі.

Бір апта бойы татами бойынша ең мықты әлем шеберлері үздік спорт шебері атағы және 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Олимпиадаға лицензия алу үшін күреседі. Олардың арасында Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары да бар.

Сондай-ақ, дзюдо бойынша Әлем чемпионатын ақпараттандыру шеңберінде «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналарында біріншілік өткізілетін залдан тікелей арнайы студия ұйымдастырылады. Әрбір трансляцияның алдында және трансляция ақталғаннан кейін журналистерге қазақстандық және әлемдік дзюдо өкілдері қонақ ретінде келетін болады. Олардың арасында Олимпиада ойындарының күміс медалінің иегері Асхат Жіткеев, ҚР ерлер және әйелдер құрамаларының дзюдоистері, Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамаларының  бас бапкерлері Ермек Имамбеков және Жексенбай Саламатов, Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер және т.б. болады.

137 елден 823 спортшы чемпионатқа қатысатынын растап, шараны жан-жақты баяндау үшін әлемнің түкпір-түкпірінен 200 бұқаралық ақпарат қызметінің өкілдері тіркеуден өтті. Оған қоса, елордаға әлемнің түкпір-түкпірінен 1000-ға жуық қонақ келді, олардың ішінде жаттықтырушылар, федерация президенттері мен басқа да лауазым иелері бар. Чемпионат  әлемнің 150 еліне таратылады. 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу