Елдос Сметов: Ақтық сында қателік жібермеуге тырыстым (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдос Сметов: Ақтық сында қателік жібермеуге тырыстым (ВИДЕО)

27.08.2015
Елдос Сметов:  Ақтық сында қателік жібермеуге тырыстым (ВИДЕО)

Дзюдодан Астанада өтіп жатқан Әлем чемпионатына 120-дан астам мемлекеттің спортшылары қатысуда. Елдос Сметов 60 келідегі салмақ бойынша жеңіп шығып, қазақтан шыққан тұңғыш Әлем чемпионы атанды.

«Қазақстанның 60 келідегі спортшыларынан әлем  бойынша жасқанады. Бұл қатарда Айбек Имашев, Асхат Тельманов деген мықтыларымыз бар.

Ендігі мақсат - Олимпиадада топ жару. Бұл - еліміздің абыройы. Сондықтан, бізге босаңсуға болмайды. Елмен бірге қуанышты атап өтіп, жаттығуға қайта кірісеміз», дейді  Ұлттық құрама жаттықтырушысы Ермек Әбуұлы.

«Жеңіс оңайлықпен келмейді. Рустам Ибраев та мықты спортшы. Бір залда жаттықтық. Мақсатымыз да бір болды. Бірақ, татамида достық жоқ. Екеуіміз бір-біріміздің әдіс-тәсілдерімізді білгендіктен, ақтық сында қателік жібермеуге тырыстым», дейді Елдос Сметов.  

Хабарламаларға жазылу