«Әйел бақыты» жаңа маусымын бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әйел бақыты» жаңа маусымын бастайды

24.08.2015
«Әйел бақыты» жаңа маусымын бастайды

Бүгінге  дейін «Әйел бақыты» ток-шоуы көрерменге түрлі тақырыптағы өзекті мәселелердің шешімін табуға тырысып келді. Студияда түрлі тағдыр иесі жүрек түбіндегі сырымен бөлісіп, сарапшы-мамандардың кеңесін тыңдады.

Талай ел ағасы хабардың қадірлі қонағы болып, жұлдыздар да дәл осы студияда жаңалықтарымен бөлісті.

Бүгін 15:00-де «Әйел бақыты» жаңа маусымының тұсауын кеспек.  Сүйікті хабарынан көрермен қандай өзгеріс күтеді? Студияда жазда шаңырақ көтерген жастар. Жаңа маусымның шымылдығын жаңа отбасы ашады.

Хабарламаларға жазылу