«QAZSPORT» ертең жаңа телевизиялық маусымын бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«QAZSPORT» ертең жаңа телевизиялық маусымын бастайды

31.08.2017

Қазақстандағы тұңғыш спорттық телеарна ертең жаңа телевизиялық маусымын бастайды. Не бәрі 4 жылдың ішінде спортсүйер қауымның сүйікті арнасына айналған «QAZSPORT» көрермендерге тың бағдарламалар мен тосынсый әзірлеп отыр.

Дүйім жұртты аузына қаратып, отандық және халықаралық бәсекелерден тікелей хабар тарататын «QAZSPORT» жаңа телевизиялық маусымға дайын. Ең алдымен, 4 жыл бойы өзгермеген логотиптің дизайнында енді жаңашылдық бар.

Телеарна жаңа маусымның алғашқы күні ұлттық құраманың футбол бәсекесін тікелей эфирде көрсетуді жоспарлап отыр. Жалпы, «QAZSPORT»  арнасы биылдың өзінде түрлі деңгейдегі спорттық шаралардан 4 мыңға жуық тікелей трансляция жасады. 

Жас телеарнаның  тарихында тағы бір қуанышты хабар. Жақында   «QAZSPORT»  елдегі алғашқы мемлекеттік спорт телеарнасы ретінде Қазақстан рекордтар кітабына енді.

Елдос САПАРҒАЛИ, Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу