Алматының әкімі қаладағы бағаларды бақылауға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматының әкімі қаладағы бағаларды бақылауға алды

24.08.2015
Алматының әкімі қаладағы бағаларды бақылауға алды

Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Алматы қаласының әкімі қаланың ең ірі деген дүкендерін, дәріханалар мен базарларын аралап шығып, девальвациядан соң  халық тұтынатын негізгі деген тауар бағалары бойынша нақты тапсырмалар берді.
Бұл шара Мемлекет басшысының бағалардың бірден көтеріліп кетпеуі жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында қолға алынған. Әкім бірінші кезекте көк базар мен қаланың тарихи аймақтарында болып, «Сарыарқа» ауданында және дәріханалар мен «Беккер и К» фирмалық дүкенінде болды.    
Аталмыш нысан басшылары теңгенің құнсыздануына қарамастан, бағалардың сол қалпында қалатынын мәлім етті. Қала қоймасында бірінші кезекте қажет тауарлар мен жанар май жеткілікті.
«Біз қазіргі қолданыстағы заң аясында әсіресе әлеуметтік жағынан маңызды деген тауарлардың бағаларының өсіп кетпеуі үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырамыз»,-деді шаһар басшысы.
Осы күні Алматыда арнайы мәжіліс өтіп, онда қала әкімі тиісті қызмет өкілдеріне бағаларды бақылап, алып-сатуға жол бермеуді тапсырды. Бұл азық-түлік пен  бірінші кезекте қажетті тауарларға қатысты болып отыр.     
 

 

Хабарламаларға жазылу