Шаяхмет Жұмабекұлы: Конституция күні қарсаңында Көліктегі ІІД қызметкерлі күшейтілген режимде жұмыс істейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шаяхмет Жұмабекұлы: Конституция күні қарсаңында Көліктегі ІІД қызметкерлі күшейтілген режимде жұмыс істейді

24.08.2015
Шаяхмет Жұмабекұлы: Конституция күні қарсаңында Көліктегі ІІД қызметкерлі күшейтілген режимде жұмыс істейді

 

19-22 тамыз аралығында Конституцияның 20 жылдығына орай  ҚР ІІМ Көліктегі Ішкі істер департаментінде тапаншадан оқ ату, эстафеталық жүгіру, жүзу және шағын футболдан спартакиада өтті.

Осыған орай, бүгін департамент өкілі, подполковинк Шаяхмет Жұмабекұлы «Таңшолпанда» қонақта.

«Қазіргі уақытта республика тұрғындарының 28 пайызы түрлі спорт түрлерімен шұғылданады. 2020 жылға дейінгі мақсат - бұл көрсеткішті 50 пайызға жеткізу. 

Бұқаралық спорттың деңгейін көтеру мақсатында Көліктегі Ішкі істер департаменті осындай шаралар ұйымдастырып отырады. Бұл тұрғыдан атқарылып жатқан шаралардың маңызы зор», дейді Ш. Жұмабекұлы.

Сондай-ақ, 22-26 тамыз аралығында тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы өтпек. Ал, мереке қарсаңында департамент қызметкерлері  күшейтілген режимде жұмыс істейді.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

 

Хабарламаларға жазылу