Астананың коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астананың коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

08.02.2024

Боран мен қатты желге байланысты Астананың коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Жұмысшылар тәулік бойы жолдарды қардан тазалап, құм-тұз қоспасын сеуіп, тынбады. Айта кеткен жөн, коммуналдық мекеме еңбеккерлерінің 80 пайызы ауылдардан қатынап істейді. Арасында зейнеткерлер де бар. Ауыр жұмыс істейтіндердің жалақысы еңбегіне сай ма? Еңбек адамдарымен тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес тілдесті.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Сағат таңғы 3:00. Қаланың тазалығына жауапты мекеме мамандары жұмысшыларды жинап әкелуге аттанғалы жатыр. Өйткені шаһардың көркін келтіріп, тазалығын қамтамасыз ететін жұмысшылар маңайдағы және шалғайдағы ауылдада тұрады.

Ескі автобус Астандан 20 шақырым жердегі Софиев ауылына жетті. 2500-ге жуық тұрғыны бар елді мекен жұрты мал бағып күнелтіп отыр. Ал төрт түлігі жоқтар қалада жұмыс істеп, отбасын асырайды. Солардың бірі - Жаңылған Түгенбай. Жасы 60-тан асқан азаматтың көше тазалап жүргеніне 6 жылдан асыпты.

Жаңылған Түгенбай, жұмысшы:

Бізде күнделікті осы ғой. Осылай 03:30-да тұрамыз. Ауылда жұмыс жоқ. Осылай барамыз, келеміз. Қиын енді. Қиын болса да істеміз , зейнетке шығуы керек. Бала-шағаны үшін тіршілік керек.

Софиев ауылынан шығып Қояндыға бет алдық. Бұл елді мекеннен де 5-6 адам қалаға қатынап жұмыс істейді екен.

Виктор Марковский, жүргізуші:

Мен өзім күн сайын 15-20 жұмысшыны жұмысқа апарып әкелемін. Қазір Қояндыдан шығып қаладан 120 шақырым жердегі Киев ауылына барымыз. Ол жақтан да 4-5 адам шығуға тиіс.

Астананың тазалығына жауаптылар жұмысшылардың көпшілігін ауылдан тасимыз дейді. Себебі...

Ерлан Рысбеков, «Астана Тазалық» ЖШС директорының орынбасары:

Жалпы қаланың тұрғындары қар тазалау жұмыстарында істегісі келмейді. Біз мәжібүрміз қаланың сыртындағы ауылдардан арнайы газельмен алып келуге. Оның саны 80 пайызды құрайды.

Жұмысшылардың дені - 40 пен 60 жастағылар. Араларында, зейнеткерлер де бар. Жастардың көше тазалауға келмеуінің басты себебі - жұмысы ауыр, жалақысы аз. Жұмысшылар шамамен 170 мың теңге алады.

Ербол Мұстафаұлы, жұмысшы:

Жұмысымыз енді жақсы, болады. Жалақысы тұрақты әйтеуір. Жақында кіргем жұмысқа. Жұмысымыз ауыр болса да нәпақа үшін жүрміз ғой.

Биыл жұмысшылардың еңбек ақысы 250 мың теңгеге дейін өскен. Ал АҚШ пен Еуропа елдерінде көше сыпыратындар айына шамамен 1 млн теңге алады. Себебі шетелде ауыр жұмыс бағаланады.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Жылдың төрт мезгілінде коммуналдық қызметкерлер міне тротуарлар мен көшелерді ақ ұлпадан тазартып жатыр. Жалпы, біз бен сіздің қиындық діттеген жерімізге жетуіміз үшін күн сайын 2 мыңнан астам адам таңғы 5-тен түнгі 3-ке дейін тоқтаусыз еңбек етеді.

Хабарламаларға жазылу