Жермен ешқандай да астероид соғыспайды – НАСА - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жермен ешқандай да астероид соғыспайды – НАСА

23.08.2015
Жермен ешқандай да астероид соғыспайды – НАСА

Интернет басылымдарда тараған мәліметтерде астероидтың Пуэрто-Рико аймағындағы теңізге құлап, соның салдарынан үлкен толқындар пайда болып, олар Африка, АҚШ, Мексика мен Орталық және Оңтүстік Американың жағалуларына үлкен апат әкелетіндігі айтылған.

Ал, НАСА қызметкерлері Жерге ешқандай қауіп төніп тұрмағандығын мәлімдеді. «Бұл әлеуметтік желілерге тарап кеткен алып-қашпа әңгіме. Ал, шындап келгенде қандай да бір астероидтың немесе аспан денелерінің Жермен соқтығысатынына ешқандай да ғылыми дәлел, тіпті ешқандай негіз де жоқ»,-дейді ғарыш агенттігінің қызметкерлері.  

Жер маңындағы бақылау бағдарлаамсына қатысушы НАСА қызметкерлері де  планетамыздың маңына жақын арада жермен соқтығысуы мүмкін ешқандай да астероидтың, я болмаса кометаның  жоқтығын айтуда.

Ал ғылымға мәлім, қауіпті деген астероидтардың Жермен қақтығысуы мүмкіндігі өте төмен және болған күннің өзінде де осыдан 100 жылдан кейінге болжанып отыр.

Олардың мәліметтерінше, Жермен қандай да бір дененің соқтығысу мүмкіндігі 0,01 пайызды құрайды. Сарапшылар Жерге жақын арада қауіп төндіретін қандай да бір дене пайда бола қалған жағдайда бұл туралы міндетті түрде білетіндіктерін айтып отыр.     

Астрономдар болса, Жерге төніп келе жатқан астероид туралы әңгіменің бүгін ғана тарап отырмағандығын айтуда. 2011 жылы әлеуметтік желіде біреу Еленина кометасының Жермен соқтығысатынын «болжаған».  Расында, ол кометаның Жерге ешқандай да қаупі жоқ. 

Айта кететін мәселе, көптеген азаматтар ақырзаманды 2012 жылы күтті. Онда біреулер Жерді үлкен метеорит соғады деген сөз таратқан. Биылғы жылы 2004 BL86 и 2014 YB35 астероидтарына қатысты да дүрлігу туды. Ал, бұл астероидтар Жерге де одан басқа  да денелерге соқтықпай өзінің бағытымен кетті, деп жазады news.day.az

Хабарламаларға жазылу