Чемпиондар лигасы. Бүгін «Kazsport» телеарнасы «Барселона» -«Пари Сен-Жермен» матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чемпиондар лигасы. Бүгін «Kazsport» телеарнасы «Барселона» -«Пари Сен-Жермен» матчын тікелей эфирде көрсетеді

09.03.2017
Чемпиондар лигасы. Бүгін «Kazsport» телеарнасы «Барселона» -«Пари Сен-Жермен» матчын тікелей эфирде көрсетеді

Наурыздың 8-інен 9-ына өтетін түні УЕФА Чемпиондар лигасы аясында каталониялық «Барселона» өз алаңында «ПСЖ»-ға қарсы  қарымта кездесу өткізеді. Футболдан Франция мен Испания чемпиондары арасындағы ойынды  «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.Трансляцияның басталуы 01:30-да. 

«Парк де Пренс» стадионында өткен бірінші матчта Унаи Эмери жаттықтыратын «Пари Сен-Жермен» клубы каталониялық грандты 4:0 есебімен тізе бүктірткен болатын. Бұл ойында Юлиан Дракслер, Эдинсон Кавани, Анхель Ди Мария (2 гол) гол салып көзге түскен еді.

Төрт гол айырмашылығы және сырт алаңда салынған голдың жоқтығы  «Барселонаның»  келесі айналымда өнер көрсетуіне күмән келтіреді. Бірақ, Месси, Суарес, Неймар сынды футболшылары бар «Барселонаның» париждіктерге келесі айналымға  өтуіне оңайлықпен жол бере қоймас.

Екі команда арасындағы кездесулер тарихына үңілсек, олардың ресми жарыстарда 10 рет ойнағанын көреміз. Каталониялықтар 4 рет жеңіп,  3 рет жеңілістің ащы дәмін татып, 3 кездесуде тең түскен. Он ойынның тоғызын командалар УЕФА Чемпиондар лигасы аясында өткізген екен.

УЕФА Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне кім өтеді? «Пари Сен-Жермен» каталониялықтарға ешқандай мүмкіндік бермей, 1995 жылғы жетістігін қайталай ма? Әлде «Барселона» ойыншылары намысты қолдан бермей, париждіктер қақпасына жауапсыз 5 гол сала ала ма?

Бұл сұрақтардың жауабын «Kazsport» телеарнасымен бірге білейік.

Наурыздың 8-інен 9-ына өтетін түні . 01:30 . «Барселона» - «Пари Сен-Жермен» LIVE

Хабарламаларға жазылу