Жамбыл облысының шаруалары ауылшаруашылық жәрмеңкесіне 120 тонна өнім әкеледі

21.08.2015
Жамбыл облысының шаруалары ауылшаруашылық жәрмеңкесіне 120 тонна өнім әкеледі

Жамбыл облысының Ауыл шаруашылық басқармасы елордалық нарықта баға мониторингін жүргізді. Осыған байланысты, жәрмеңкедегі бағалар 15-20% арзан болады. Мысалы, пияздың бағасы - 40 тг, 1 кг картоп - 55 тг, 1 кг қарбыз - 25 тг, 1 кг қызанақ, қияр,  болгар бұрышы - 50 тг, 1 кг баклажан - 30 тг, 1 кг қант - 150 тг  және т.б.

«Президент пен үкіметтің бағаны сақтау, халыққа әлеуметтік көмек көрсету туралы тапсырмаларын орындау мақсатында Жамбыл облысының әкімі мен Астана қаласының әкімі елордада ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл жәрмеңке бір ай бойы әр демалыс күндері өтеді. Егер халық үшін және Жамбыл облысының ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілері үшін жәрмеңке тиімді болса, біз оны үнемі өткізіп отыратын боламыз»,-дейді Жамбыл  облысы әкімінің орынбасары Ерқанат  Мәнжуов.

Еске сала кетейік,  2015 жылдың 22 тамызынан 22 қыркүйегіне дейін «MEGA» СОО алдында әр аптаның демалыс күндері Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкелер өткізілетін болады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

 

Хабарламаларға жазылу