Астанадағы ауылшаруашылық жәрмеңкесіне Жамбыл, Атырау және Батыс Қазақстанның тауар өндірушілері қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы ауылшаруашылық жәрмеңкесіне Жамбыл, Атырау және Батыс Қазақстанның тауар өндірушілері қатысады

17.09.2015
Астанадағы ауылшаруашылық жәрмеңкесіне Жамбыл, Атырау және Батыс Қазақстанның тауар өндірушілері қатысады

Алдағы демалыс күндері ауылшаруашылық жәрмеңкесіне Жамбыл, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының тауар өндірушілері қатысады. «Мега» СОО алдындағы алаңда әр өңірдің тауар өндірушілері 850 тоннаға жуық ауыл шаруашылық өнімін әкеледі, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласы Ауыл шаруашылық басқармасының хабарлауынша, әлеуметтік маңызы бар тағам түрлері, атап айтқанда, картоп, пияз, қызанақ, қияр және т.б. көкөніс түрлері, ет, балық, кондитерлік өнімдер сатылады.

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында Астана қаласының әкімдігі әр апта сайын жәрмеңкелер ұйымдастырады. Тауарлар нарықтық бағадан 15-20 пайызға арзан сатылады.

Айта кетейік, Астанада Қазақстан өңірлерінің тауар өндірушілерінің қатысуымен апта сайынғы ауыл шаруашылық жәрмеңкелерінен бөлек, қазіргі таңда тұрақты түрде Астана мен Ақмола облысының жәрмеңкесі өтуде. Жәрмеңке қаланың үш ауданында: «Алматы» ауданында - Абылай хан даңғылының бойында және Б. Момышұлы даңғылындағы Оқушылар сарайының көлік тұрағының аумағында,  «Есіл» ауданында Сауран көшесінде ХҚКО жанында, «Сарыарқа» ауданында – Бөгенбай батыр даңғылындағы «Көктем» СО ұйымдастырылады.

Хабарламаларға жазылу