Елордада Ақтөбе мен Қызылорда облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Ақтөбе мен Қызылорда облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

20.09.2019
Елордада Ақтөбе мен Қызылорда облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Ақтөбе және Қызылорда облыстарының тауар өндірушілері өз өнімдерін 21-22 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда өтетін кезекті ауылшаруашылық жәрмеңкесінде ұсынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Елордадағы «Хан Шатыр» СОО жанындағы жәрмеңкеге Ақтөбе облысының 12 ауданынан 20 тауар өндірушісі және Қызылорда облысының 7 ауданынан 70 кәсіпорын қатысады. Еліміздің батыс аймағы елордаға 214 тонна өнімін әкеледі деп жоспарланып отыр: еттің барлық түрі - 65 тонна, картоп пен көкөністер - 85 тонна, сүт өнімдері - 10 тонна, өсімдік майы - 5 тонна, жұмыртқа - 13 мың дана, балық - 3 тонна, бал - 0,5 тонна, шұжықтар - 5 тонна, ұн мен макарон өнімдері - 6 тонна, алкогольсіз сусындар - 6 тонна, басқа да өнімдер - 16 тонна. 

Ақтөбе облысының «Айс» ЖШС, «Агрофирма Тау» ЖШС, «Мартук Сүт» ЖШС сүт өнімдерін, «Шыңғыс» ХК, «Шекшек ата» ӘКК, «Абылай» ХК және басқалар ұлттық сүт сусындарын ұсынады, ал «Ново-Альджанский диірмені» ЖШС, «Ақтөбе-нан» ЖШС ұн, ұн және макарон өнімдерін, «Айбек» ӘКК, «Степное» ЖШС, «Рокос» ЖШС шұжықтар мен ет тағамдарын, «Izet Greenhouse» және «Greenhouse Kazakhstan» ЖШС көкөністердің түр-түрін ұсынады. Қызылорда облысы 270 тонна болатын 40-тан астам тауар түрін әкелмек: күріш - 80 тонна, сүт өнімдері - 4 тонна, балық - 16 тонна, көкөністер - 15 тонна, жемістер - 3,5 тонна, қауын-қарбыз, асқабақ - 145 тонна, ас тұзы - 10 тонна және т.б. 

Қызылорда өңірінің «Сыр Маржаны» ЖШС, «Достық-Жер» ЖШС, «Ақжарма и К» ЖШС және «Агрохолдинг Байқоныр» ЖШС күріш өнімін, «Арал» СДО, «Қуаныш» ЖШС, «АР-Н-КОН» ЖШС, «АСТО» ЖШС, «Қызылорда Балық» ЖШС, «Игиликов», «Қошқарбаев», «Көшекбаев», «Караев» жеке кәсіпкерлері балық және балық өнімдерін, «Аруана» ЖШС және «Сейтенова» жеке кәсіпкерлігі сүт өнімдерін, «Майдакөл», «Ақжона» ауылдық округтерінен, «Рахман» шаруа қожалығынан, «Жайылма» ауылдық округінен және ЖК «Алтынбекова» мен т. б жеке кәсіпкерлер бақша өнімдерін ұсынады. 

Жалпы, екі аймақ Нұр-Сұлтанға 484 тонна өнім әкеледі. 

Хабарламаларға жазылу