Жаңа жобалар мен жаңа бастамаларға мораторий жарияланады - Мемлекет басшысы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа жобалар мен жаңа бастамаларға мораторий жарияланады - Мемлекет басшысы

20.08.2015
Жаңа жобалар мен жаңа бастамаларға мораторий жарияланады - Мемлекет басшысы

"Кезінде біздің тауарларымызға баға жоғары болды, біздің экспортымыз жақсы жүрді, біз қанша үлкен жобаларды жүзеге асырып, қаншама әлеуметтік бағдарламаларды орындадық. Мектептер мен ауруханалар, балабақшалар салдық. Мұндай жағдай Қазақстан тарихында болмаған. Ал, бүгін бізге мемлекет қаржысын барынша үнемдеу қажет болып отыр. Бұл бізге жалақылар мен зейнетақыларды уақытында төлеу үшін, халықтың қамы үшін қажет. Сондықтан, мен қандай да бір кеңейту, жалақыны көтеру, штатты көбейту сияқты шараларға мораторий жариялаймын. Бұл шамамен 2018 жылға дейін созылуы мүмкін»,-деді Президент.  

Сонымен қатар Елбасы республикалық бюджет тапшылығын 2018 жылға дейін 1 пайызға дейін төмендету керектігін айтты. "Жұмыс орындарын сақтап қалу біз үшін маңызды. Барлығы соған күш салуы керек. Біз алдын ала келісілгеннен бөлек Ұлттық қордан қаржы алынбауы керек», - деді Президент.  

 

Хабарламаларға жазылу