Мемлекет басшысы жылсайынғы халыққа Жолдауына қатысты мәлімдемесін айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы жылсайынғы халыққа Жолдауына қатысты мәлімдемесін айтты

09.01.2018

Адамзат өндірістік революция кезеңіне қадам басты. Жаңа технологиялар әлемді күнде өзгертіп жатыр. Қазақстан осы мүмкіндікті пайдаланып, дамыған 30 елдің қатарына кіру үрдісін тездетуі тиіс. Бұл туралы Мемлекет басшысы жылсайынғы халыққа Жолдауына қатысты мәлімдемесінде айтты. Қаңтардың 10-ы күні Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауы жарияланады. Ол 4-ші өндірістік революция жағдайында елді дамыту мәселесіне бағытталады. Президент жүзеге асыруы тиіс 10 негізгі бағытты айқындайды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы заманауи технологияларды құрылыс саласында пайдалану керектігін айтты. Бұл халықтың баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Президент мәлімдемесінде қаржы секторын қайта жаңғырту қажеттілігі айтылды. Бұл қадам еліміздегі банк секторын жандандырады. Нұрсұлтан Назарбаев адами капиталдың сапасын арттыруды да сөз етті. «Халыққа сапалы білім алуы үшін, сапалы медициналық қызмет көрсетілуі үшін барлық жағдай жасалуы керек», - деді Президент.

Мемлекет басшысының жылсайынғы халыққа Жолдауының толық мәтіні ертең республикалық басылымдарда жарияланады.

Хабарламаларға жазылу