Хоккей: Бүгін Қазақстан Норвегиямен матч өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хоккей: Бүгін Қазақстан Норвегиямен матч өткізеді

31.05.2021

Хоккейден де Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында рекорд орнатты. Біздің құрама сенбі күні Италия хоккейшілерінен 11:3 есебімен басым түсті. Латвияда өтіп жатқан байрақты бәсекедегі ең ірі есепті тіркеді. Әлем біріншілігі қыза түскен. Қазақстан кезекті ойында жеңгенімен, өзге қарсыластары да ұпайын еселеді. Төрт жолдамадан сегіз құрама үмітті екенін ескерсек, әзірге Юрий Михайлис шәкірттерінің жарысты жалғастыру мүмкіндігі жоғары. Оның үстіне мұз айдынының қожайыны Латвия соңғы ойында Финляндиядан жеңілді. Бүгін кешке Қазақстан Норвегиямен матч өткізеді. Бұл ойынды «Qazsport»  арнасынан тамашалай аласыздар.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу