Біз бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кірістерін арттыра беретін боламыз - Қ.Келімбетов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Біз бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кірістерін арттыра беретін боламыз - Қ.Келімбетов

20.08.2015
Біз бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кірістерін арттыра беретін боламыз - Қ.Келімбетов

«Барлық жинақтаушы зейнетақы қорлары Үкіметке тиесілі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына біріктіріліп, Ұлттық банктің басқаруына берілгені белгілі. Жалпы алғанда, кіріс көлемі өте үлкен. Алайда, кірістердің зор болуы инфляцияға қалай әсер етеді деген мәселе бар»,-деді Ұлттық банк төрағасы.

Оның сөзінше, 1-тамызда инфляция 3,9 пайыз  болды. Ұлттық банк енді осыған дейін мақұлданған инвестициялық стратегияға сәйкес инвестициялайды. Яғни олар бірінші кезекте мемлекеттік құнды қағаздар, атап айтсақ, Қаржы министрлігі мен квазимемлекетті сектордың құнды қағаздары. Олардың арасында шетелдік құнды қағаздар бар.

«Біздіңше, соңғы 1,5 жылда басқару жұмыстары айтарлықтай жетілді. Біз бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кірістерін арттыра беретін боламыз», деді Қ.Келімбетов.

 

 

Хабарламаларға жазылу