Ішімдікке сылқия тойған әскерилер қала көшелерін БТР-мен аралап жүрген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ішімдікке сылқия тойған әскерилер қала көшелерін БТР-мен аралап жүрген

19.08.2015
Ішімдікке сылқия тойған әскерилер қала көшелерін БТР-мен аралап жүрген

Бұл туралы Ресейдің ІІМ-нің Байкал аймағы бойынша басқармасының сайтында хабарланған.

18-тамыз күні кешкісіні полиция органдарына қаладағы дүкендердің бірінің жанында әскери көлік тұрғаны және оны мас әскери азаматтың жүргізіп кеткені жөнінде хабар түскен.  

Осы оқиғаның куәгерлерінің сөздерінше, әскери көлік жолдың қарсы жағына шығып, жолда апатты жағдай тудырған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері әскери көлікті тұрғын үйлердің бірінің жанынан ұстаған. Алайда, көліктің ішіндегі азаматтар сыртқы  шығудан  бас тартқан. Көліктің терезесін ауыр балғамен сындырғын тәртіп сақшылары ақыры БТР ішіндегілерді алып шықты. 

Осы оқиға бойынша, көлікті мас күйінде жүргізді деген себеппен хаттама толтырылды, оның үстіне көлікті жүргізуге ұсталғандардың құқықтары жоқ болып шықты. Ұсталған әскери азаматтардың ісі әскери прокуратураға жолданды, деп хабарлайды rus.tvnet.lv.    

  

Хабарламаларға жазылу