Қарағандыда карантин тәртібін бұзған мас жүргізуші ұсталды

04.05.2020

Қарағандыда тәртіп сақшыларына бой бермей қашқан мас жүргізушіні полицейлер көлігіне оқ атып әрең тоқтатқан. Ішімдікке сылқия тойған 25 жастағы жүргізуші көше арасымен жүйткіп, тұрғындардың өміріне қауіп төндірген. Тіпті көлік есігімен полиция қызметкерін қағып құлатқан. Бұзақы бірнеше тосқауылдан айнала қашып әуреге салған. Ақыры автомобильдің артқы дөңгелегінен атқан соң ғана қолға түсті. Оны ұстау кезінде жанындағы әйел адам тәртіп сақшыларын балағаттап, ар-намысына нұқсан келтірген. Айта кету керек, карантин тәртібіне сәйкес қалада түнгі 22.00 кейін жеке көлікпен жүруге рұқсат жоқ.

Руслан НҰРАЛНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу