Алматыда Орталық Азия елдері үшін ЮНЭЙДС-тің субөңірлік кеңсесі ашылатын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Орталық Азия елдері үшін ЮНЭЙДС-тің субөңірлік кеңсесі ашылатын болды

19.08.2015
Алматыда Орталық Азия елдері үшін ЮНЭЙДС-тің субөңірлік кеңсесі ашылатын болды

Кездесу барысында Қазақстанның АҚТҚ/ЖҚТБ таралуымен күрес бойынша Орталық Азия өңіріндегі  көшбасшы ретіндегі рөлі мен ЮНЭЙДС ұйымының Атқарушы директоры Мишель Седибе мырзаның сапарына қатысты мәселелер талқыланды.  

Ал, аталмыш сапар аясында Қазақстанда  ЮНЭЙДС-тің Орталық Азия елдері үшін АҚТҚ/ЖҚТБ-мен күреске бағытталған Субөңірлік кеңсесін ашу мәселесі қаралуда.

«Бұл мәселе бойынша біздің басшыларымыздың деңгейінде тиісті шешім қабылданды. Біз Алматыда Орталық Азия елдері үшін ЮНЭЙДС-тің Субөңірлік кеңсесін ашу бойынша дайындық жұмыстары бастадық»,-деді Виней Салдана.

«Тараптар сонымен қатар АҚТҚ-ны емдеуде тұрғындардың вирусқа қарсы препараттарға деген қолжетімділік мәселесін де сөз етті», делінген Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз мәліметтерінде.  

 

Хабарламаларға жазылу